Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
 

Тіркелу

 

 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.

Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.



 
 
По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Кіру Тіркелу

Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ресми интернет-ресурсы

Сенім телефоны : +7 (7292) 42 72 92

Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен аумақтық бөлімшелер қатысуымен семинарлар және дөңгелек үстелдер жиынын өткізеді

25.09.2018
19:25
966

Елбасының 10.01.2018ж. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауының 9-басымдығында елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қажеттігі баса айтылған.

Осыған орай Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен аумақтық бөлімшелер қатысуымен семинарлар және дөңгелек үстелдер жиынын өткізеді. Бекітілген ішкі жоспар бойынша тұрғындарды мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөнінде ұлттық телеарна арқылы ақпараттандырады.

Семинарлар мен кездесулерді өткізудің негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен сыбайлас жемқорлық ұғымымен таныстыру, жауапкершілік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру, қызметкерлер арасында заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әдепті орнату, сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухын тәрбиелеу  болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік көрініс ретінде қазіргі таңда саяси дамудан тәуелсіз әлемнің барлық елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да іс жүзінде тіршілік етуін жалғастыруда. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму процесіне, нарықтық экономиканы құруға,  инвестицияларды тартуға едәуір кедергі жасайды. Демократиялық елдің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізіп, елдің алдағы дамуына үлкен қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі ретінде белгіленген.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алудың ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында техникалық инспекция және кейбір субсидиялар түрлері бойынша мемлекеттік қызмет алу автоматтандырылған.

Мысал ретінде:Егін шаруалығы бағытында берілетін субсидияны электронды түрде қалай алуға болатынын атап өтейк

1.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамынан ЭЦҚ «Электронды цифрлы қолтаңба» алу

2. ҚР АШМ –нің «Қолдау» ресми сайтында тіркелу

3. ЭЦҚ- кілті арқылы жеке кабинеттен субсидия бөліміне өтіп нормаға сәйкес өтпелі өтінім беру.

4. Жіберілген өтінім ауыл шаруашылығы басқармасынатүседі

5. Жауапты маман өтінімді қабылдай отыра өтпелі өтінімді тексереді, өтінімнің заң талаптарына сәйкес келген жағдайда оны растайды.

6. Расталған өтпелі өтінім минералды тыңайтқыш өндіру зауытына жолданады

Аталған процесстер орындалғаннан кейін өтінім йесі сұратылған өнімін алады.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында көресетілетін мемлекеттік қызметтердің электронды түрге өтуі, тек қана сыбайлас жемқорлықты азайтып қоймай, сонымен қатар субсидия алуды қарапайым халыққа жеңілдетеді. Сондықтан ауыл шаруашылығы саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер оңтайландырылып толықтай электронды түрге оту бағытында жұмыстар жүргізілуде

 
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі www.kyzmet.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті www.kyzmet.kz
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулары goszakup.gov.kz
Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми интернет - ресурсы mangystau.gov.kz
ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі http://mgov.kz/
Қазақстанның мал дәрігерлері ассоциациясы http://www.kaz-vet.kz/