Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
 

Тіркелу

 

 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.

Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.



 
 
По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Кіру Тіркелу

Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ресми интернет-ресурсы

Сенім телефоны : +7 (7292) 42 72 92

2019 жылдың 27 қыркүйекте Қарақия ауданы Жетібай ауылында «Экоөнімді өсіру» тақырыбында «Қазақстан Экологиялық Қоры» ұйымдастыруымен дөнгелек үстел өткізілді.

01.10.2019
11:12
87

2019 жылдың 27 қыркүйекте Қарақия ауданы Жетібай ауылында «Экоөнімді өсіру» тақырыбында «Қазақстан Экологиялық Қоры» ұйымдастыруымен дөнгелек үстел өткізілді. 

(Диалог алаңында баяндама жасаған Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасының егін бөлімінің инспекторы Т.Ш. Балтабеков)


Құрметті дөңгелек үстелге қатысушылар!

Маңғыстау өңіріне хош келдіңіздер! Сіздерді шөл және шөлейт аймақта орналасқан өңірдің ауыл шаруашылығының мән жайымен таныстырайын.

Маңғыстау өңірінде ауыл шаруашылығының негізі - дәстүрлі мал шаруашылығы, оның ішінде тұрбалы және шахталы құдықтардың тұздылығы төмен тереңдегі жерасты суын пайдаланып, жыл бойы табиғи жайылымда бағылатын қой, жылқы және түйе шаруашылықтары дамыған. 

Мал шаруашылығы өнімінің негізгі көлемі шаруа қожалықтары және тұрғындар ауласында өндіріледі. Өңірдің 50% астам тұрғыны ауылдық жерлерде тұрып, мал бағумен айналысады.

2019 жылдың қаңтар-тамыз айы бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы – 9,6 млрд тенгені (оның ішінде мал шаруашылығы – 7,8 млрд.тг, егін шаруашылығы – 1,1 млрд.тг) НКИ – 100,3%(нақты көлем индексі)құрап отыр.

2019 жылғы ауыл шаруашылықтардың барлық санаттарындағы мал басының саны, оның ішінде: ірі қара мал 21 200 бас құрайды(бұл2018 жылмен салыстырғанда 5,1% артық), қоймен ешкі 425 464 бас (бұл 2018 жылмен салыстырғанда 1,5%  кем),жылқы 77 948 бас (бұл  2018 жылмен салыстырғанда 1,2%  артық), құс 46 472 (бұл 2018 жылмен салыстырғанда  13,7% кем), түйе 71055 бас(бұл 2018 жылмен салыстырғанда түйе саны 10,9 пайызға артық).

2019 жылғы қантар-тамызға мал мен құстың барлық түрлерін тірідей

салмақта шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізгені 5110,7 тоннаны құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,6 пайызға өсті. Сиыр сүтінің өндірісі 1,5 пайызға өсті және 4962 тоннаны құрады, тауық жұмыртқасының өндірісі 33,2% артты және 6239,1 мың дананы құрады.

Маңғыстау облысы шөл және шөлейт аймақта орналасқандықтан, жер үсті тұщы су көздері (бұлақ, көл, өзен және т.б. ) жоқ. Топырақдың құнарлығы – қарашірік (гумус) қабаты 1,5-2 сантиметрден аспайды.Облыста егін егіп отырған шаруашылықтар суды екі тәсілмен суарады: 1) жер астынан скважина арқылы тоқ көздерін пайдаланып, насоспен су шығару арқылы;               2) «МАЭК- Казатомөнеркәсіп» ЖШС-нен (теңіз суын тұщыландырған) және «Астрахань – Маңғыстау» су құбыры арқылы Еділ өзенінің тұщы суын пайдаланып егін егеді. 

Егістік алқаптардың 1230,29 гектарға электрондық картасы жасақталғанымен,  01.07.2019 жылғы статистикалық мәлімет бойынша егілген егіс көлемі бар болғаны 867,2 гектар құрап отыр.

2018 жылы егін шаруашылығында тынатқыштардың құнын субсидиялау үшін 12000,0 мың теңге субсидия бөлінді, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға 15 млн. теңге бөленді.Бөлінген қаражат толық игірілді.

Шаруа қожалықтарға 258,2 тонна субсидияланған минералдық тынайтқыш алынып, берілді.

«Органикалық өнім өндіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылы 27 қарашада қабылданғанымен, «Қазақстан Республикасында органикалық ауыл шаруашылығын дамыту туралы жол картасы» а.ж. қыркүйек айының басында мақұлданып, орындауға жіберілді.

Облыста өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдеріне осы Занның талаптарына сәйкестігіне сараптама жасап көрсек, егін шаруашылығында топырақтың құнарлығының төмендігіне байланысты, көкөніс-бақша дақылдарын өсіру кезінде минералдық тынайтқыштар пайдаланып отырғандықтан, өсімдік шаруашылығында органикалық өнім өндіру кезінде қолданатын, рұқсат етілген құралдар (ҚР АШМ-нің 2016 жылғы                           23 мамырдағы № 231 бұйрығы) пайдаланбай, әзірге органикалық өнім шығару мүмкіндігі жоқ.

Ал, мал шаруашылығында өндірілетін өнімдері органикалық өнім өндіру қағидаларына сәйкес келеді деп санаймыз, сондықтан мал шаруашылығы саласында түсінік жұмыстарын жүргізіп, ҚР АШМ-нің                  2016 жылғы 20 мамырдағы №230 «Органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қагидалары» бұйрығымен бекітілген ережелері мен халықаралық заңнаманы сақтау нәтижесінде органикалық өнім ретінде сертификатталуға өтпелі кезеңіне (конверсия) өту қажет.

Осыған байланысты, біздің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер органикалық өнімінің сәйкестігін растау рәсімін кай мемлекеттік органмен жүргізуге шарт жасасады және оларға сәйкестік сертификатты кім беретінін анықтауымыз қажет.

Ал, экологиялық таза өнім өндірушілерге қойылатын талаптармен жана танысып отырмыз, осыған байланысты экологиялық таза өнім шығаруға түсінік жұмыстарын енді жүргіземіз.

Органикалық өнім өндіру мен органикалық өнімінің сәйкестігін растағаннан кейін органикалық өнім өндірушілерге және экологиялық таза өнім өндірушілерге салық жеңілдіктерін белгілеу мүмкіндіктерін және шыққан шығынның бір бөлігін субсидиялауды қарастыруды ұсынамыз.

 
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі www.kyzmet.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті www.kyzmet.kz
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулары goszakup.gov.kz
Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми интернет - ресурсы mangystau.gov.kz
ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі http://mgov.kz/
Қазақстанның мал дәрігерлері ассоциациясы http://www.kaz-vet.kz/