Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
 

Тіркелу

 

 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.

Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.



 
 
По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Кіру Тіркелу

Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ресми интернет-ресурсы

2016 жылғы жасалынған жұмыстары туралы ақпарат

20.02.2017
16:07
363

Маңғыстау өңірінде ауыл шаруашылығының негізі - дәстүрлі мал шаруашылығы, оның ішінде тұрбалы және шахталы құдықтардың тұздылығы төмен тереңдегі жерасты суын пайдаланып, жыл бойы табиғи жайылымда бағылатын қой, жылқы және түйе шаруашылықтары дамыған.

Мал шаруашылығы өнімінің негізгі көлемі шаруа қожалықтары және тұрғындар ауласында өндіріледі.

2016 жылы қаңтар-желтоқсан айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 11 574,2 млн теңге, оның ішінде егін шаруашылығында 2 118,5 млн теңге, мал шаруашылығында  9 434,2  млн теңге болды.

Тұрақты бағамен ЖӨ-нің нақты көлем индексі (НКИ) –101,5% оның ішінде егін шаруашылығында 127%,  мал шаруашылығында  96,1% құрады.

Мал шаруашылығы:

2016 жылы өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда ірі қара мал саны - 15 570 бас болып, 14,8% -ға өсті, қой - 259 563 бас болып, 0,7%-ға өсті, жылқы - 57 500 бас болып, 0,6%-ға кеміді, түйе - 47 618 бас болып, 0,5%-ға кеміді, құс – 26 610 бас болып, 74,7% өсті.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша барлық санаттағы шаруашылықтарда мал мен құстың тірілей салмақта етке өткізілуі 10 140,5 тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 13% кеміді, ал сиыр сүтін өндіру 12,9% артып, 5 233,7 тонна болды және 1 740,9 мың дана тауық  жұмыртқасы  өндіріліп , 38,4% артты.

Асыл тұқымды мал шаруашылығы - сапалы да мол өнім өндіру көзі, малдың өміршеңдігі мен өнімділігін, өнім сапасын арттырудың негізгі жолы. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы бойынша Республикалық палатаға 25 бас асыл тұқымды жылқы, 530 бас асыл тұқымды қой, 38 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара тіркелген.

Агроөнеркәсіптік  кешенді дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын іске асыру  жөніндегі іс-шаралар жоспарында, мал шаруашылығында тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру 2 бағыт бойынша айқындалған.

Аталған Қағидаларға сәйкес 2016 жылға облысқа жергілікті бюджеттен 37 792,0 мың теңге қаражат бөлінді.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуда тікелей шығындарды субсидиялауға 13 453,0 мың теңге, оның ішінде:

қой шаруашылығының селекциялық және асылдандыру жұмыстарына – 10 533,0 мың теңге;

25 бас асыл тұқымды жылқы сатып алуға – 1000,0 мың теңге.

16 000 бас асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алуға – 1920,0 мың теңге субсидиялық қаржы төленді.

мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 10 209,92  мың теңге, оның ішінде: 

21,204 тонна қой етіне – 3 906,6 мың теңге;

4,178 тонна жылқы етіне – 384,376 мың теңге;

6,417 тонна түйе етіне – 577,530 мың теңге;

97,117 тонна шұбатқа – 5 341,435 мың теңге субсидиялық қаржы төленді.

Ірі, шырынды құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын сатып алу бойынша шығындарды арзандатуға бөлінген субсидия қаржысы –  14 128,92 мың теңге, оның ішінде:

қой шаруашылығы – 8 999,6 мың теңге;

жылқы шаруашылығы – 3 686,4 мың теңге;

түйе шаруашылығы – 1 442,9 мың теңге субсидиялық қаржы төленді.

Мал азығын дайындау туралы: 

Біздің облыста арнайы шабындыққа бөлінген жер жоқ. Ірі сояулы мал азығын әр шаруашылық өзіне қарасты ұзақ мерзімге жалға алған жайылым жерінен дайындайды. Егерде ондай жер болмайтын болса, онда аудан әкімдігінің мемлекеттік қорға алынған жерінен олардың  рұқсатымен пішен шауып  дайындауға болады.

2016 жылғы шабындық жағдайы қуантарлықтай. Аудан әкімдіктерінің мәліметіне сәйкес, болжам бойынша 50,0 мың тонна пішен дайындау жоспарланып, 50,5 мың тонна ірі сояулы шөп жиналды, болжамдалған көлем 101% болып орындалды.

Жайылымды суландыру бойынша:

Қазақстан Республикасында АӨК дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасында, жайылымды суландыру мен шалғай жайылымдағы мал шаруашылығын дамытуға баса назар аударылған. Бұл орайда, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 9-3/726 қаулысымен бекітілген «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары» бойынша, су көзіне сұраныс беруші мал шаруашылығы субъектісінің осы мақсатқа жұмсаған шығындарының 80%-ы  субсидия түрінде өтеледі. Осы бағдарлама бойынша облысқа бөлінген 255,2 млн. теңге қаражат игерілді.

  Егін шаруашылығы бойынша:

2016 жылы егін шаруашылығы өнімінің сапасы мен өнімділігін арттыру үшін 4 бағдарлама бойынша, яғни 047 - минералдық тыңайтқыштардың құнын арзандатуға -21 563,0 мың теңге, 048 - ауыл шаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарына - 59 670,0 мың теңге , 020 - жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға- 58 440,1 мың теңге  және 014 - ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге су беру қызметінің құнын субсидиялау бойынша 11 008,0 мың теңге барлығы – 150 681,0 мың теңге субсидия бөлінді.

Облыста жалпы көлемі 12,73 гектарды құрайтын 15 жылыжай бар, оның ішінде 7,9 гектар жерде 4 өнеркәсіптік үлгідегі жылыжай және 4,83 гектар жерде 11 фермерлік жылыжай.  Оның ішінде: Ақтау қаласында ЖК С.Байсарымов жер көлемі – 2 гектар, Жаңаөзен қаласында «АШӨ Мерей» ЖШС-1,109 гектар, Мұнайлы ауданында «Каспий Агро Компании» ЖШС-і 4 гектар және Түпқараған ауданында ЖК «Чалак Бекзад Айчарекұлы» - 0,8208 гектар 4 өнеркәсіптік үлгідегі.

2016 жылы «ӨзенМұнайГаз» АҚ нан Қарақия ауданында орналасқан «Сенек» ЖШС не 0,3 гектар жерге жылыжай құрылысын салу үшін демеушілік қаржы бөлінді. Жеке кәсіпкер Бүркітбаев, Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында құны 150 млн инвестицияны құрайтын 1,5 гектар жылыжай кешенін салынып бітті. Сондай-ақ, «GreenhouseE.C.O» АҚ соңғы үлгідегі инновациялық технологияны  (гидропоник) қолдана отырып Мұнайлы ауданында 3 гектар жерге жылыжай құрылысы салынуда.

Қайта өңдеу саласы:

Біздің өңірімізде бірнеше қайта өңдеу кәсіпорындары жұмыс жасайды. Атап айтсақ, «Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС кәсіпорынның өз шаруашылығында өсіріліп отырған түйе сүтінен шұбат және қышқыл сүт өнімдерін дайындаса, «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС аталған өнімдерді Шетпе, Жыңғылды, Қызан, Шебір ауылдарындағы сүт жинау пунттерінен тасымалданатын түйе сүтінен дайындайды.

«Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС –гі 2016 жылдың 1 тоқсанында «Элинж» С5Tmax  мұздатқыш құрылғысы орнатылған МАЗ-6312 В5-8479 маркалы изометриялық фургонды рефрижератор автокөлік және 300 литрлік, 600 литрлік, 1000 литрлік ұзақ мерзімді пастерлеу ванналарын, термо орауыш құрылғысын сатып алды.

Ақтау қаласында орналасқан «Ақтау сүт», «Ақнек», «Milina Food», «Dеkmy» ЖШС-тері Ресей және Беларусь мемлекеттерінен әкелінетін құрғақ сүт негізінде жасалатын сүт және қышқыл сүт өнімдерімен Маңғыстау аймағын қамтып отыр.

2016 жылдан бастап Бейнеу селосында сүт өндеу зауыты іске қосылып, 30 жаңа жұмыс орны ашылды. Кәсіпорын майлылығы 25% құрғақ сүттен және майлылығы 1% сауылған сүттен сүт және қышқыл сүт өнімдерін шығарады. Шикізат Беларусь елінен сатып алынады. Зауыттың қуаттылығы тәулігіне 500 литр қаймақ, 500 л. айран, 500 л. сүт.

«Байболат» ЖШС-і Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр селосында сүт және сүт өнімдерін, түйе және бие сүтін өңдеу, шұбат және қымыз өндіру цехын салды. Жалпы құны 16 000,0 мың теңгенің шұбат және қымыз өндіру  желілері «Маңғыстауагросервис» ЖШС арқылы алынып, орнатылды. 

Облыс  көлемінде халықты жергілікті ет өнімімен қамту барысында мал сою пункттері мен «Қарағантүбек», «Сенек» және «Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС-тері сияқты ірі шаруашылықтарда мал сою алаңдары жұмыс жасайды.

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау, олардың ет өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту мақсатында, облыс әкімінің тікелей араласуымен өткен жылдан бері  «Маңғыстаумұнайгаз» және «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның өндірістік құрылымдарына ет өнімдерін өткізу бағытында жұмыстар жүргізіліп келеді.

Қарақия ауданындағы «Сенек» ЖШС-і жылма-жыл «Өзенмұнайгаз» АҚ мен оның өндірістік құрылымдарын ет өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді.

Сондай-ақ, «Сенек», «Кинах-Шопан», «Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС-тері «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-на да келісім-шарт негізінде қой, жылқы және түйе етін кесте бойынша тапсырып келеді.

2016 жылы «Болашақ», «Бейнеу» және «Несібе-Жан» ауыл шаруашылық кооперативтері құрылды. Алайда, кооперативтер өнім өндіру немесе өнім жинап, өткізу жұмыстарын бастаған жоқ. Қазіргі таңда қажетті желілер мен құрал-жабдықтар сатып алу, ғимараттар жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.

«Болашақ»  ауыл шаруашылығы кооперативі шаруа қожалықтарынан түйе сүтін және мал етін, жүн-тері жинап өткізуді, «Бейнеу» ауыл шаруашылығы кооперативі мал сою және ет өнімдерін өндіруді және «Несібе-Жан» ауыл шаруашылығы кооперативі мал жүні мен терісін қабылдап, өткізуді жоспарлап отыр.

Азық-түлік қауіпсіздігі:

Маңғыстау облысында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Каспий «ӘКК «ҰК» АҚ - 862 528,1 мың теңгенің қаржылық –экономикалық негіздемесін (ҚЭН) жасады.

Осы негіздеме аясында 2014, 2015 жылдары 500 000,0 мың теңге, 2016 жылы 362 000,0 мың теңге бөлініп,  осы кезге дейін 835 736,4 мың теңгенің азық-түлік тауарлары сатып алынды. Сақтау қоймаларының болмауына байланысты азық-түліктер сақтау мүмкіндігіне қарай сатып алынады.

Азық-түлік тауарлары «Каспий-Берекет» ЖШС дүкендері арқылы және жәрмеңкелер арқылы нарықтық бағадан 15-20% арзан сатылады.

Мемлекеттік қолдаулар:

2016 жылғы қаңтар –желтоқсан айларында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы:

«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша:

- Мал саласында 485 100,0 мың теңгенің 110 несиесі берілді (1- бөдене өсіру үшін 2 500,0 мың теңге, Ақтау қаласы, 1 – заанен тұқымды ешкі өсіру үшін 3 000,0 мың теңге Мұнайлы ауданы (заанен тұқымы Швейцариядан келген), қалғандары көбіне түйе, қой және сиыр өсіру үшін;

- Барлығы 8 000,0 мың теңгенің несиесі жылыжай салу үшін, ашық топырақта көкөніс егу үшін несие берілді, екеуі де Түпқараған ауданында.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша:

- 29 000,0 мың теңгенің 18 несиесі берілді, оның ішінде:

- 1 жылыжай салуға 3 000,0 мың теңге және 1 ашық топырақта егін егуге 3 000,0 мың теңге;

- қалғандары түйе және жылқы малдарын сатып алу үшін берілген.

«Эко-Даму» бағдарламасы бойынша:

-ашық топырақта көкөөніс өсіру үшін 2 700,0 мың теңгенің 2 несиесі.

«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасының қайта қаржыландыруымен:

-41 000,0 мың теңгенің 14 несиесі берілді, оның ішінде 1- сиыр малын өсіру үшін, қалғандары  түйе мен жылқы сатып алу үшін берілді.

«Маңғыстауагросервис» ЖШС арқылы:

2016 жылдың қаңтар –желтоқсан аралығында жалпы құны 107 658,0 мың  теңгенің тауарлы несиесі берілді.

Атап айтқанда:

егін шаруашылығына – 7 168,0 мың теңге;

мал шаруашылығына – 39 513,6 мың теңге, оның ішінде, 20 бас  жылқы, 200 бас сиыр  – 22 228,0 мың теңге;

Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу қондырғыларына – 28 071,0 мың теңге бөлінді.

2016 жылы агроөнеркәсіп кешені саласында іске асырылған ірі жобалар:

1.  Түпқараған ауданының Ақшұқыр селосындағы «Байболат» шаруа қожалығы технологиялық желінің жалпы құны 16 000,0 мың теңге тұратын жылына 100 тонна түйе және бие сүтін қайта өңдейтін цех құрылысын салды.

2. «ҚұрықСтройсервис» ЖШС –гі етті терең қайта өңдейтін қазіргі заманғы, польшалық технологиямен жабдықталған мал сою зауытын салды. Зауыт 2016 жылғы қыркүйек айында іске қосылды. Қуаттылығы 1 ауысымда 25 ірі қара мал және 60 ұсақ мал сойылады. Бірінші кезеңде 14 жұмыс орны ашылды.

3.  2016 жылғы ақпан айында Бейнеу сүт зауыты іске қосылды. Кәсіпорын негізінен құрғақ сүтпен жұмыс жасайды. Шикізат Беларусь елінен алынады. Өндірістік қуаттылығы тәуілігіне 500 литр қаймақ, 500 литр айран және 500 литр сүт өндіруге есептелген. 12 жұмыс орны құрылды.

4.  «Ринго» ЖШС –нің мал бордақылау алаңы және мал сою пункті жұмысын бастады. Кәсіпкерді мемлекеттік қолдау аясында «Маңғыстауагросервис» ЖШС  арқылы 200 бас ірі қара мал алып берілді. 15 жұмыс орны құрылады.

5. «Сенек» ЖШС-нің өтінімі бойынша «Маңғыстауагросервис» ЖШС арқылы қымыз өндіру цехы (12 000,0 мың теңге), 2 дана 20 бие сауу жабдығы (398 000 мың теңге), жүнді алғашқы өңдеу  (жуу, сығу, кептіру) цехы (6 720,0 мың теңге) алынып берілді. Соның ішінде жүнді алғашқы өңдеу  (жуу, сығу, кептіру) цехы орнатылды, қымыз өндіру цехының ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп, желілер 2017 жылғы ақпан-наурыз айында орнатылады деп күтілуде.

6.  «Маңғыстауагросервис» ЖШС арқылы, Маңғыстау ауданының «Нақхан» шаруа қожалығына құны 4 478,0 мың теңге шамасында қымыз құюға арналған құтыларды дайындайтын желі және 1 055,0 мың теңгенің лаборатория жабдықтары лизингке алып беріліп, іске қосылды.

7. Алыс мал отарларындағы малшыларды электр энергиямен қамту үшін «I.ZHEL» ЖШС отандық компаниясымен желгенераторларын орнату туралы келісімге қол қойылып, Бейнеу және Маңғыстау аудандарында 5 желгенераторы орнатылды.

Қаржылық қызметтерінің қолжетімділігін арттыру бағдарламасы:

Инвестициялық субсидия бойынша 2016 жылы бюджеттен бөлінген 255 190,0 мың теңге қаражат түгелдей игерілді. Оның ішінде: ескі құдықтар күрделі жөндеуден өткізілді. 67 бірлік жаңа құдық қазу жоспарланып, артығымен 76 ұңғыма қазылды.

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру бағдарламасы бойынша «Бейнеу астық терминалы» ЖШС –нің кредиттік міндеттемелеріне қаржы агенті болып табылатын «ҚазАгро» ҰБХ-не 322 662,0 мың теңге субсидия төленді.

«Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» бағдарламасы бойынша 6 қаржы институты («Технолизинг» ЖШС, «КазАгрорҚаржы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Аграрлық Кредиттік Корпорация» АҚ, «Атырау Болашақ» ЖШС, «Мангистауагросервис» ЖШС) қатысып, 62 шаруа қожалығынан өтінім түсті. 2016 жылға бөлінген 17 139,0 мың теңге субсидия толықтай игерілді.


  • 07.08.2017
    17:04
    30
  • 24.07.2017
    16:00
    68
    Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы Маңғыстау облысы әкімдігінің 03.09.2012 жылғы № 213 «Маңғыстау облысының агро өнер кәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды…
  • 30.04.2017
    10:00
    157
    Қымбатты маңғыстаулықтар! Сіздерді көктем мерекесі - достықтың, берекенің және жасампаздықтың символы  - 1 мамыр, Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен шын жүректен…
 
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі www.kyzmet.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті www.kyzmet.kz
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулары goszakup.gov.kz
Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми интернет - ресурсы mangystau.gov.kz
ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі http://mgov.kz/
Қазақстанның мал дәрігерлері ассоциациясы http://www.kaz-vet.kz/