Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
 

Тіркелу

 

 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.

Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.



 
 
По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Кіру Тіркелу

Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ресми интернет-ресурсы

Тарихы

17.11.2015
20:52:46
0

1973 жылы  КПСС Орталық Комитетінің, СССР Жоғары Советінің, СССР Министрлер кабинетінің ВЦСПС-тің біріккен Қаулысымен бұрынғы Гурьев облысының аумағынан Маңғыстау облысының құрылуына байланысты, 1973 жылдың 23 наурыз күні Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы құрылып, өз жұмысын бастады.

Басқарманың кеңсесі Ақтау қаласындағы 3 «б» шағын ауданының 9 үйінің 2 қабатында  орналасты. Басқарманың алғашқы  бастығы болып бұрынғы Гурьев облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының механизация жөніндегі орынбасары Ахтанов Халекес Ахтанұлы, Гурьев облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының бірінші орынбасары  Михаил Яковлевич Шухмахер  бірінші орынбасары, Маңғыстау аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының бірінші орынбасары Азмағанбетов Нафиғолла Азмағанбетұлы  басқарманың экономика жөніндегі орынбасары,  Кейкина Фатима бас есепші  болып  тағайындалды.

Облысымыздың ауыл шаруашылығының негізі – құдықтардың тереңдегі тұздылығы төмен жер асты суын пайдаланып жыл бойы табиғи жайылымда бағып-күтуге негізделген мал шаруашылығы болса, оның ішінде қой, жылқы және түйе шаруашылықтары.  

Облыс құрылған кезде шаруашылықтарда  230 мың бас қой-ешкі, 17,9 мың бас  жылқы, 29,1 мың бас  түйе, 8,2 мың бас мүйізді ірі қара болса, 2013 жылдың 1 шілдесіне облыстағы 114 ауыл шаруашылығы құрылымдары мен 1106  шаруа және фермерлік қожалықтарда, 40965 жеке үй қожалықтарында  652,8 мың бас қой-ешкі, 65,4 мың бас жылқы, 56,8 мың бас түйе, 16,5 мың бас мүйізді ірі қара болып, қой-ешкі 2,8 есеге, жылқы 3,6 есеге, түйе мен сиыр 2 есеге өсті.

Облысымызда  республика бойынша бірінші болып түйе саууды механикаландыру іске асырылды.  Ақтау құс зауыты іске қосылып, жылына 50,3 млн. дәне  жұмыртқа, 478 тонна  құс еті өндірілді және  6 гектар жерге  жылыжай салынып, іске қосылды.

1994 жылы облысымызда ауыл шаруашылығы саласын жекешелендіру қолға алынды. Облыста ең алғашқы  жекешеленген сол кездегі Ералы ауданының «Қызылөзен» асыл тұқымды түйе шаруашылығы болды. Қазір облыста мемлекеттің 95% пакет акциясы бар бір ғана - Түпқараған ауданының  «Қарағантүбек» асыл тұқымды  мал шаруашылығы  ЖШС-гі өз қызметін сақтап қалды, қалған  құрылымдар толықтай жеке меншікке өтті.

Мақсатты жүргізілген мал тұқымын селекциялық-асылдандыру қызметінің нәтижесінде, қазір облысымызда салалар бойынша 19 асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектісі жұмыс жасап тұр, оның 2-уі қазақтың адай жылқысын өсіретін «зауыт» мәртебесіне ие.

Ғылыми негізделген мал тұқымын асылдандыру жұмысы нәтижесінде, облысымызда бірнеше «селекциялық жетістіктерге» авторлық және мемлекеттік патенттер алынды, ғылыми еңбектер жарияланды.

Облысымыздың жылқы шаруашылығының негізі - қазақтың адай жылқысы еліміздің ұлттық мақтанышына айналды. 2011-2013 жылдар аралығында облысымыздың тек қана осы  жылқыдан құрылған алыс қашықтыққа ат жарыс командасы 3 мәрте ТМД және Балтық жағалауы елдерінің «Достастық» кубогын, Орта Азия біріншілігін,  Қазақтан халықтарының ІІІ жазғы спартакиадасында барлық жүлделі орындарды жеңіп алса, басқа да 4 халықаралық жарыстарды бірінші жүлдені алып, облысымыздың ғана емес, еліміздің мерейін асқақтатты. Командамыз, 2014 жылы Францияда өтетін Әлем біріншілігіне тұңғыш рет қатысып, ел намысын қорғайды деген үлкен сенімдеміз.   

Сонымен қатар, өлкемізде егін шаруашылығын жолға қою мақсатты жүргізілуде. Табиғи-климаттық жағдайының қиындығы мен судың аса тапшылығына қарамастан,  облыста 1200 га  жер  егіншілік мақсатқа, оның жылына 700-750 гектары өнгдірістік мақсатқа игеріліп, 14-16 мың тонна жергілікті бау-бақша өнімдері тұрақты өндіріліп, халыққа ұсынылуда. Халықтың маусымаралық сұранысын қамту мақсатында, жылыжай шаруашылығын дамыту басты мақсаттардың бірі болуда. Күні бүгінде 7,4 га. жылыжай тұрақты жұмыс жасап тұр. Егіншілік саласына  заманауи су және қор  үнемдеу технологиясын енгізу басты назарда.  Барлық егін алқабының 58 пайызына жуығына тамшылата суару технологиясы енгізілген.

Облысымызда 2012 жылы тұңғыш тауарлық балық шаруашылығын қалыптастыру қолға алынды. Түпқараған ауданының Ақшұқыр селосында «Осетр-Аралды» ауылшаруашылығы-сервистік серіктестігінің тауарлық бекіре тұқымдас балығын өсіру жобасының құрылысы аяқталды.   

 
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі www.kyzmet.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті www.kyzmet.kz
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулары goszakup.gov.kz
Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми интернет - ресурсы mangystau.gov.kz
ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі http://mgov.kz/
Қазақстанның мал дәрігерлері ассоциациясы http://www.kaz-vet.kz/