Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.

Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
 
Кіру Тіркелу

Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ресми интернет-ресурсы

Сенім телефоны : +7 (7292) 42 72 92

Маңғыстау, Түпқараған аудандарында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы

01.11.2016
15:51:20
0

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 9-1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының 2016 жылғы 17 тамыздағы № 01-43/549, 2016 жылғы 13 қазандағы №01-43/647 ұсынысының негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Маңғыстау ауданының Жыңғылды селолық округіне қарасты «Жайдары» шаруа қожалығында - 1,5 га, «Науша» шаруа қожалығында - 2 га, «Абдикеримова Гульбаршын Акимгалиевна» ЖК – 1,5 га, «Ақниет» шаруа қожалығында - 1 га қауын шыбынымен, Маңғыстау ауданының Жыңғылды селолық округінде - 1 га, Шайыр селолық округінде – 0,5 га, Түпқараған ауданының «Қарағантүбек» ЖШС – 3,4 га у кекіре арамшөбімен залалданған, Қызыл-Өзен селолық округінің «Койшыгулова Е» ЖК – 3 га қауын шыбынымен залалданған карантинді объектісінің анықталуына байланысты,  көрсетілген залалданған жер учаскелеріне карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақ белгіленсін.

2. Қоса беріліп отырған карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.

3. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары  Р.М. Әміржановқа жүктелсін.

5.  Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген  күннен  бастап

күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі    А. Айдарбаев

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

Агроөнеркәсіптік кешендегі

мемлекеттік инспекция комитетінің

Маңғыстау облыстық аумақтық

инспекциясының басшысы

____________  Р.Н. Түменов

 «___» ______________ 2016 ж.

Маңғыстау ауданының әкімі

____________  Ж.Қ. Айтуаров

«___» ______________ 2016 ж.

Түпқараған ауданының әкімі

____________  Т.Т. Асауов

«___» ______________ 2016 ж.

«Маңғыстау облысының ауыл

шаруашылығы басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

____________  Б. Ерсайынұлы

«___» ______________ 2016 ж.

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2016 жылғы «__» _________ № ____ қаулысымен бекітілген

Карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

Іс-шаралар атауы

Орындау мерзімі

Орындауға жауаптылар

1

2

3

4

1.

Жер пайдаланушылар арасында карантинді объектілердің алдын алу, карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Үнемі

Маңғыстау ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

2.

Карантиндi аймақ туралы материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау жолымен өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар туралы тұрғындарға хабарлау

Үнемі

Маңғыстау ауданының әкімдігі,  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

3.

Карантинді объектілердің таралу ошақтарын жою жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу (карантинді объектілерге қарсы химиялық өңдеу, карантинді объектілерді қолмен және механикалық тәсілдермен жою)

Вегетация кезеңінде

Маңғыстау ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

4.

Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ету

Карантинді объектілерді таралу ошақтарын жою жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша)

5.

Карантинге жатқызылған өнімді тиеп-жөнелту орындарында карантиндік тексеруді жүргізу

Үнемі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша)

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі www.kyzmet.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті www.kyzmet.kz
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулары goszakup.gov.kz
Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми интернет - ресурсы mangystau.gov.kz
ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі http://mgov.kz/
Қазақстанның мал дәрігерлері ассоциациясы http://www.kaz-vet.kz/