Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
 

Тіркелу

 

 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.

Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.



 
 
По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Кіру Тіркелу

Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ресми интернет-ресурсы

60-қадам. СҮТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ҮШІН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ТАРТУ. 61-қадам. ЕТ ӨНДІРІСІ МЕН ӨҢДЕУДІ ДАМЫТУ ҮШІН СТРАТЕГИЯЛЫҚИНВЕСТОРЛАРДЫ ТАРТУ

02.12.2016
12:02:48
0

60-қадам. СҮТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ҮШІН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ТАРТУ. Негізгі міндет: үш жыл мерзімде ТМД елдері нарығына шығарылатын өнімдерінің жартысына дейінгі экспортын қамтамасыз ету. Жұмыс селода кооперативтік өндірісті дамыту арқылы жаңазеландиялық Fronterra және даниялық Arla үлгісімен ұйымдастырылды.

Маңғыстау облысында өзінің жеке шаруашылығында түйе малын өсіру және өңірдің елді мекендеріндегі қабылдау пункттерінде шаруа қожалықтары мен тұрғындардан сүт жинау арқылы өңірді шұбат және сүт өнімдерімен қамтамасыз ететін ірі «Таушық ауыл шаруашылығы» және «Жаңаөзен сүт зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жұмыс жасайды.

Атап айтқанда, «Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС кәсіпорынның өз шаруашылығында өсіріліп отырған түйе сүтінен шұбат және қышқыл сүт өнімдерін дайындаса, «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС аталған өнімдерді Шетпе, Жыңғылды, Қызан, Шебір ауылдарындағы сүт жинау пунттерінен тасымалданатын түйе сүтінен дайындайды.

«Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС –гі 2016 жылдың 1 тоқсанында «Элинж» С5Tmax  мұздатқыш құрылғысы орнатылған МАЗ-6312 В5-8479 маркалы изометриялық фургонды рефрижератор автокөлік және 300 литрлік, 600 литрлік, 1000 литрлік ұзақ мерзімді пастерлеу ванналарын, термо орауыш құрылғысын сатып алды.

Ақтау қаласында орналасқан «Ақтау сүт», «Ақнек», «Milina Food» ЖШС-тері Ресей және Беларусь мемлекеттерінен әкелінетін құрғақ сүт негізінде жасалатын сүт және қышқыл сүт өнімдерімен Маңғыстау аймағын қамтып отыр.

2016 жылдан бастап Бейнеу селосында сүт өндеу зауаты іске қосылып, 30 жаңа жұмыс орны ашылды. Кәсіпорын майлылығы 25% құрғақ сүттен  және майлылығы 1% сауылған сүттен сүт және қышқыл сүт өнімдерін шығарады. Шикізат Беларусь елінен сатып алынады. Зауыттың қуаттылығы тәулігіне 500 литр қаймақ, 500 л. айран, 500 л. сүт.

«Байболат» ЖШС (басшысы Т. Изтурова) Ақшұқыр селосынан «Сүт және сүт өнімдерін, түйе және бие сүтін өңдеу, шұбат және қымыз өндіру цехын» салды. Жалпы құны 16,0 млн. теңгенің шұбат және қымыз өндіру  желілері «Маңғыстауагросервис» ЖШС арқылы алынып, орнатылды. 

61-қадам. ЕТ ӨНДІРІСІ МЕН ӨҢДЕУДІ ДАМЫТУ ҮШІН СТРАТЕГИЯЛЫҚИНВЕСТОРЛАРДЫ ТАРТУ. Негізгі міндет шикізат базасын дамыту және өңделген өнімдерді экспорттау.

Облыс  көлемінде халықты жергілікті ет өнімімен қамту барысында мал сою пункттері жен «Қарағантүбек», «Сенек» және «Таушық ауыл шаруашылығы» сияқты ірі шаруашылықтарда мал сою алаңдары жұмыс жасайды.

 Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау, олардың ет өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту мақсатында, облыс әкімінің тікелей араласуымен өткен жылдан бері  «Маңғыстаумұнайгаз» және «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның өндірістік құрылымдарына ет өнімдерін өткізу бағытында жұмыстар жүргізіліп келеді.

Қарақия ауданындағы «Сенек» ЖШС-і жылма-жыл «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының құрылымдарын ет өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді.

Сондай-ақ,«Сенек», «Кинах-Шопан», «Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС-тері «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-на да келісім-шарт негізінде қой, жылқы және түйе етін кесте бойынша тапсырып келеді. «Сенек», «Кинах-Шопан», «Таушық ауыл шаруашылығы», «Бейнеу» сервистік дайындау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері сонымен бірге ауыл тұрғындарынан жеке қожалық малдарын қабылдап, оларға ет тапсыруда қолайлы жағдай жасап отыр, тауар өндіруші сатып алушыны алыстан іздемейді, сол жердегі серіктестікке  етін өткізіп, мезгілінде есептесе алады.

2016 жылғы ІІІ тоқсанда  «ҚұрықСтройСервис» ЖШС-нің Приозерный селосында польшалық технологиямен жабдықталған етті өндеп, «халал» өнім шығаратын цехымен жабдықталған мал сою зауыты іске қосылды.

Ақтау қаласында «Ринго» ЖШС мал бордақылау алаңын және мал сою пунктін іске қосты. Кәсіпкерді мемлекеттік қолдау аясында ауыл шаруашылығы басқармасы 200 бас ірі қара мал сатып алып беруді жоспарлап, бүгінгі таңға 30 бас ірі қара Орал өңірінен әкелінді.


 
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі www.kyzmet.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті www.kyzmet.kz
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулары goszakup.gov.kz
Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми интернет - ресурсы mangystau.gov.kz
ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі http://mgov.kz/
Қазақстанның мал дәрігерлері ассоциациясы http://www.kaz-vet.kz/