Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
 

Тіркелу

 

 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.

Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.



 
 
По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Кіру Тіркелу

Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ресми интернет-ресурсы

Сенім телефоны : +7 (7292) 42 72 92

«Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

10.01.2018
12:12:59
0

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес облыс әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекітілсін.

2. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (С.С. Қалдығұл) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары  Б.Қ. Жүсіповке жүктелсін.

  4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

  Облыс әкімі    Е. Тоғжанов

«КЕЛІСІЛДІ»

«Маңғыстау облысының

ауыл шаруашылығы басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

__________ С.С. Қалдығұл

«____»  ___________ 2018 жыл

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы

«  »   № _

қаулысымен бекітілген

 «Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Басқарма) көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жұмыс органымен қазыналышық органдарына сәйкес төленетін шот жіберуі туралы жазбаша хабарлама немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2017 жылғы  8 маусымдағы № 229 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15374 болып тіркелген) «Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10 тармағында көрсетілген негіздемелер бойынша көрсетілетін қызмет берушінің себептемелі жауабы.

Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекет ету тәртібін сипаттау

4.,,,. Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттар мемелекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді (іс-әрекеттерді) бастау үшін негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) Басқарманың кеңсе маманы өтінімді қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады – 15 минут;

2) Басқарма басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді – 1 сағат;

3) Басқарманың жауапты орындаушысы субсидия алуға берілген өтінімді қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі тұрғысынан тексереді және сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды ресімдеуді жүзеге асырады және комиссия отырысын ұйымдастырады – 8 жұмыс күні;

4) субсидия қаражатын бөлу бойынша комиссия (бұдан әрі - комиссия) субсидияландыруға түскен өтінімдерді қарастырады – 1 сағат;

5) Басқарманың жауапты орындаушысы:

комиссия отырысын өткізгеннен кейін комиссия мүшелерінің қолдарын алады – 3 жұмыс күні;

хаттамаға қол қойылғаннан кейін комиссия шешімі туралы хабардар етеді – 1 жұмыс күні;

кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау келісімінің жобасын  (бұдан әрі -субсидияландыру келісімі) дайындайды және тараптардың қолын жинайды – 1 жұмыс күні;

6) қаржы институты субсидиялау шартына қол қойылған күннен бастап Басқармаға субсидиялауға бюджеттен қаражат аударуға арналған өтінімді (бұдан әрі – аударуға арналған өтінім) жолдайды – 3 жұмыс күні;

7) Басқарманың жауапты орындаушысы:

аударуға арналған өтінім сомасының қарыз алушыларды субсидиялау кестесіне сәйкестігін, субсидияларды нақты пайдалану туралы есепті тексеруді жүзеге асырады – 3 жұмыс күні;

төлем шоттарын қазынашылық органдарына жолдайды – 1 жұмыс күні;

субсидия алуға берілген өтінімді қарастырудың нәтижесі туралы хабарлама дайындайды – 1 жұмыс күні;

8) Басқарма басшысы субсидия алуға берілген өтінімді қарастырудың нәтижесі туралы хабарламаға қол қояды – 1 сағат;

9) Басқарманың кеңсе маманы субсидия алуға өтінімді қарау нәтижесі туралы хабарламаны береді – 15 минут.

6. Төмендегі рәсімдерді (іс-әрекеттерді) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) нәтижесі:

1) құжаттарды қабылдау және тіркеу;

2) жауапты орындаушыны белгілеу;

3) ұсынылған құжаттарды қарау, сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды, тиесілі субсидия көлемін және комиссия отырысын ұйымдастыру;

4) субсидияландыруға түскен өтінімдерді қарастыру;

5) хаттамаға қол қою;

6) комиссия шешімі туралы хабардар ету;

7) субсидияландыру келісімне қол қою;

8) қаражат аударуға арналған өтінім;

9) аударуға арналған өтінім сомасының қарыз алушыларды субсидиялау кестесіне сәйкестігін, субсидияларды нақты пайдалану туралы есепті тексеру;

10) төлем шоттары;

11) хабарлама дайындау;

12) хабарламаға қол қою;

13) хабарламаны беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара әрекет ету тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:

1) Басқарманың кеңсе маманы;

2) Басқарма басшысы;

3) Басқарманың жауапты орындаушысы;

4) комиссия;

5) қаржы институты.

8. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылдың реттілігін сипаттау:

1) Басқарманың кеңсе маманы өтінімді қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады – 15 минут;

2) Басқарма басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді – 1 сағат;

3) Басқарманың жауапты орындаушысы субсидия алуға берілген өтінімді қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі тұрғысынан тексереді және сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды ресімдеуді жүзеге асырады және комиссия отырысын ұйымдастырады – 8 жұмыс күні;

4) комиссия субсидияландыруға түскен өтінімдерді қарайды – 1 сағат;

5) Басқарманың жауапты орындаушысы:

комиссия отырысын өткізгеннен кейін комиссия мүшелерінің қолдарын алады – 3 жұмыс күні;

хаттамаға қол қойылғаннан кейін комиссия шешімі туралы хабардар етеді – 1 жұмыс күні;

субсидияландыру келісімінің жобасын дайындайды және тараптардың қолын жинайды – 1 жұмыс күні;

6) қаржы институты субсидиялау шартына қол қойылған күннен бастап Басқармаға аударуға арналған өтінімді жолдайды – 3 жұмыс күні;

7) Басқарманың жауапты орындаушысы:

аударуға арналған өтінім сомасының қарыз алушыларды субсидиялау кестесіне сәйкестігін, субсидияларды нақты пайдалану туралы есепті тексеруді жүзеге асырады – 3 жұмыс күні;

төлем шоттарын қазынашылық органдарына жолдайды – 1 жұмыс күні;

субсидия алуға берілген өтінімді қарастырудың нәтижесі туралы хабарлама дайындайды – 1 жұмыс күні;

8) Басқарма басшысы субсидия алуға берілген өтінімді қарастырудың нәтижесі туралы хабарламаға қол қояды – 1 сағат;

9) Басқарманың кеңсе маманы субсидия алуға өтінімді қарау нәтижесі туралы хабарламаны береді – 15 минут.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушімен өзара әрекет ету тәртібінің сипаттамасы

9. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу ұзақтығы:

1-процесс – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ұсынылған құжаттарды тексереді, көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін қабылдайды және тіркейді, құжаттарды қабылдау күні мен уақыты көрсетілген құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді;

1 шарт – көрсетілетін қызметті беруші Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;

2-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің осы Регламенттің 5-тармағында қарастырылған рәсімдері (әрекеттері);

3- процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетілген мерзімнің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға субсидияны тағайындау немесе тағайындамау туралы шешімі бар хабарлама береді.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

өтінімді тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға:

1) көрсетілетін қызметті алушының (немесе оның сенімхат бойынша өкілі) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

2) Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша субсидия алуға берілетін өтінім;

3) негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кестесі қоса берілген, қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалған қарыз шартының қаржы институты куәландырған көшірмесі;

4) қағаз түріндегі және редакцияланатын электрондық форматтағы сыйақы мөлшерлемелерінің субсидияланатын немесе субсидияланбайтын бөлігіндегі есептемелері қоса берілген жаңартылған өтеу кестенің жобасы;

5) кредит алғаны туралы қарыз алушының несиелік шотынан үзінді- көшірмелер (екінші деңгейдегі банктер үшін) немесе қарыздың аударылғанын растайтын құжат;

6) қарыз алушының субсидиялау бағдарламасына қатысуы туралы қызмет көрсетуші банктің келісім хаты (қарыз алушы Өтініш берген кезде).

Көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, осының негізінде көрсетілетін қызметті алушы (не болмаса нотариалды сенімхат бойынша оның өкілі, заңды тұлғаға – өкілеттілікті растайтын құжат бойынша) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған жағдайда дайын құжаттарды беру жүзеге асырылады.

10.Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімдерінің (әрекеттерінің) кезеңділігінің, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара әрекет ету тәртібінің толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.


 
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі www.kyzmet.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті www.kyzmet.kz
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулары goszakup.gov.kz
Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми интернет - ресурсы mangystau.gov.kz
ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі http://mgov.kz/
Қазақстанның мал дәрігерлері ассоциациясы http://www.kaz-vet.kz/