Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
 

Тіркелу

 

 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.

Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.



 
 
По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Кіру Тіркелу

Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ресми интернет-ресурсы

Сенім телефоны : +7 (7292) 42 72 92

Маңғыстау облысының Ақтау қаласында және Бейнеу ауданында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы

20.03.2018
19:15:22
0

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344-1 «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 14 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының 2018 жылғы 1 наурыздағы № 01-43/140 ұсынысының негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  

1. Ақтау қаласы 12 шағын аудан «Мұнайшы» спорт кешенінің маңындағы автокөлік жол бойынан 0,259 га карантиндік  арамшөп – у кекіремен, Бейнеу ауданы Бейнеу ауылы Байбоз көшесі бойынан - 0,001 га карантиндік  арамшөп – у кекіремен, Ерқосай көшесі маңынан - 0,33 га, «Бейнеу  ауданының әкімдігінің «Бейнеу лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі маңынан - 0,08 га, «Бейнеу ауданының әкімдігінің «Қалдығараев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі маңынан - 0,034 га, «Бейнеу ауданының әкімдігінің «Бейнеу гимназиясы»» коммуналдық мемлекеттік мекемесі маңынан - 0,034 га, «Бейнеу ауданының әкімдігінің «Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі маңынан - 0,014 га, карантиндік арамшөп – арамсояумен залалданған жерлерге карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақ белгіленсін.  
2. Қоса беріліп отырған карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.  
3. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (С.С. Қалдығұл) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.  
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары  Б. Жүсіповке жүктелсін.  
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі   Е. Тоғжанов

«КЕЛІСІЛДІ»

Ақтау қаласының әкімі

Б. Ниязов

Бейнеу ауданының әкімі
Б. Әбілов
«19» наурыз 2018 жыл.


  Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы министрлігі
  Агроөнеркәсіптік кешендегі
  мемлекеттік инспекция комитетінің
  Маңғыстау облыстық аумақтық
  инспекциясының басшысы
  Р.Н. Түменов
  «  » наурыз 2018 жыл.


«Маңғыстау облысының ауыл 
шаруашылығы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
С. Қалдығұл
«  »  наурыз 2018 жыл.


Маңғыстау облысы әкімдігінің

2018 жылғы «  »

№  қаулысымен бекітілген


Карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

Іс-шаралар атауы

Орындау мерзімі

Орындауға жауаптылар

1

2

3

4

1.

Жер пайдаланушылар арасында карантинді объектілердің алдын алу, карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Үнемі

Ақтау қаласының әкімдігі,  Бейнеу ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

2.

Карантиндi аймақ туралы материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау жолымен өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар туралы тұрғындарға хабарлау

Үнемі

Актау қаласының әкімдігі, Бейнеу ауданының әкімдігі,  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі

3.

Карантинді объектілердің таралу ошақтарын жою жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу (карантинді объектілерді химиялық өңдеу, карантинді объектілерді қолмен және механикалық тәсілдермен жою)

Вегетация кезеңінде

Ақтау қаласының әкімдігі,

Бейнеу ауданының әкімдігі,  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі

4.

Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ету

Карантинді объектілерді таралу ошақтарын жою жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша)

 


 
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі www.kyzmet.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті www.kyzmet.kz
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулары goszakup.gov.kz
Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми интернет - ресурсы mangystau.gov.kz
ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі http://mgov.kz/
Қазақстанның мал дәрігерлері ассоциациясы http://www.kaz-vet.kz/